7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: жаңа
технологиялық шешiмдер мен инструментальдық құралдардың базасында
қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттандыру жүйесiнiң қазiргi заманғы
деңгейiн қамтамасыз ету, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғауды тиiмдi
басқару мен мониторингiн қамтамасыз ету, экологиялық заң бұзушылықтар
туралы ақпаратты жинаудың және өңдеудiң жеделдiгі.
Yкіметінiң
2003 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 1327 қаулысына
307-қосымша
234 - Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
2004 жылға арналған
"Қоршаған ортаның жай-күйiне бақылау жүргiзу"
деген 008 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 522399 мың теңге (бec жүз жиырма екі миллион үш жүз тоқсан тоғыз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шiлдедегі Су кодексі 1, 5, 7, 8, 10, 15, 23-тараулар; "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 15 шiлдедегi Заңы 4, 9, 12, 48, 81-баптар; "Қоршаған ортаны қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 15 шiлдедегi Заңы; "Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздігі туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 26 маусымдағы Заңы; "Атмосфералық ауаны қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 наурыздағы Заңы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Мұнай туралы" 1995 жылғы 28 маусымдағы Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Ақтау теңіз порты" арнайы экономикалық аймағын құру туралы" 2002 жылғы 26 сәуірдегі Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстанның 2030 жылға дейінгі Даму стратегиясын іске асыру жөніндегі одан арғы шаралар туралы" 2003 жылғы 15 тамыздағы Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 3 желтоқсандағы № 1241 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздігі тұжырымдамасы; "Қазақстан Республикасының теңiздерi мен iшкi су қоймаларында мұнай операцияларын жүргiзудiң тәртібi туралы ереженi бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1997 жылғы 27 қаңтардағы № 105 қаулысы; "Қазгидромет" және "Қазавиамет" мемлекеттік кәсiпорындарын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 2 наурыздағы № 185 қаулысы; "Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингiнiң бiрыңғай мемлекеттік жүйесiн ұйымдастыру мен жүргiзудiң ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 27 маусымдағы № 885 қаулысы; "Арал аймағын қолдау және дамыту жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 29 тамыздағы № 1121 қаулысы; "Қазақстан Республикасының 2003-2015 жылдарға арналған Индустриялық-инновациялық даму стратегиясын iске асыру жөніндегі 2003-2005 жылдарға арналған Iс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2003 жылғы 17 шiлдедегi № 712-1 қаулысы; "Қазақстан Республикасының ауылдық аумақтарын дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған Iс-шаралар жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 20 тамыздағы № 838 қаулысы; "Байқоңыр" кешенiн жалға алу шартымен кешен аумағында экология мен табиғат пайдалану жөніндегі Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметінiң 1999 жылғы 18 қарашадағы келісімi.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: қоршаған ортаны қорғау, қоршаған ортаға мүмкiн болатын терiс антропогендiк әсер етудiң алдын алу.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: экологиялық мониторингтi жүргiзу, қоршаған ортаның негiзгi компоненттерiн ластаудың жай-күйi бөлiгіндегі мемлекеттік органдарды ақпараттық қамтамасыз ету және табиғат қорғау iс-шараларының тиiмдiлiгiн бағалау, Қазақстан Республикасының ауылдық аймақтарында экологиялық-демографиялық аудандастырудың кестесiн жасау.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөнiндегі iс-шаралар жоспары.
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетін нәтижелер: қоршаған
ортаның жай-күйiн сипаттайтын көрсеткiштердiң жүйесiн алу; қоршаған
ортаның жай-күйi туралы ай сайынғы, тоқсан сайынғы және жылдық
бюллетендердi шығару; мониторингтiң дерекқорын ақпараттық-техникалық
сүйемелдеу; Көкшетау, Қызылорда, Талдықорған (2) және Алматы қалаларында
атмосфералық ауаның жай-күйiне бақылаулардың 5 стационарлық бекеттерiн
орнату және жабдықтау, Көкшетау, Қызылорда, Талдықорған және Ақсай
қалаларында желiлiк зертханаларды ұйымдастыру, мемлекеттік экологиялық
мониторингтің химиялық-талдау желісінiң талдау жабдығын жаңғырту; жұмысты
қамтамасыз ету үшiн Қызылорда қаласының қоршаған ортасы мен халықтың
денсаулығының мониторингі орталығын жарақтандыру және қоршаған ортаның
және халықтың денсаулығының жай-күйiн сипаттайтын көрсеткiштер жүйесiн
алу; Каспий теңiзiнiң табиғи жүйесiне әсердi азайту үшiн Каспий теңiзiнiң
қазақстандық бөлігінiң қоршаған ортасының жай-табиғат қорғау iс-шараларын
iске асыру үшiн негiз құру жөнiндегі ақпарат алмасуды қамтамасыз ету;
Қазақстан қалаларының әуе бассейнiнiң ластануының қазiргi заманғы
ластануының жай-күйiн бағалау және Сырдария өзенiнiң жер үстi суларының
сапасын кешендi бағалау жөніндегі есеп "Байқоңыр" ғарыш айлағының және
зымыран тасығыштардың бөлiнетiн бөлiктерiнiң құлау аудандарының
экологиялық мониторинг жүйесiн ұйымдастыру және қызмет етуi,
зымыран-ғарыш қызметiнiң әсерiне ұшыраған аумақтардың экологиялық
жай-күйiн кешендi экологиялық бағалау; ауыл халқының өмiршеңдiгiнiң
деңгейiн айқындау, ландшафтардың антропогендiк бұзылу деңгейiн айқындау
негiзiнде экологиялық-демографиялық шиеленiстiң тоқырау ошақтарын
айқындау.
Yкіметінiң
2003 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 1327 қаулысына
308-қосымша
234 - Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
2004 жылға арналған
"Қоршаған ортаны қорғау үшiн облыстық бюджеттерге, Астана және
Алматы қалаларының бюджеттеріне берілетін мақсатты инвестициялық
трансферттер"
деген 009 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 858890 мың теңге (сегiз жүз елу сегiз миллион сегіз жүз тоқсан мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: "Қоршаған ортаны қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 15 шiлдедегi Заңы; Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылы 3 желтоқсанда № 1241 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздігі тұжырымдамасы; "Павлодар өнеркәсiптік аймағында ("Химпром" өндiрiстiк бiрлестігі) экологиялық және санитарлық-гигиеналық жағдайды жақсарту жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 4 қаңтардағы № 7 қаулысы; Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 2003 жылғы 12 қыркүйектегі № 926 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2004-2006 жылдарға арналған индикативтік жоспары; "2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 12 желтоқсандағы қаулысы; "Трансшекаралық су объектілерін бірлесе пайдалану және қорғау туралы" Ресей Федерациясының Yкіметi мен Қазақстан Республикасы Үкіметінiң арасындағы 1992 жылғы 27 тамыздағы келісім.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: қоршаған ортаны сауықтыру және терiс антропогендiк әсер етудi азайту.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: сынап ластануының ошағын жою және жер асты сулары арқылы сынаптың ағып кетуiнiң алдын алу үшiн мақсатты инвестициялық трансферттердi аудару, ағынды суларды биологиялық тазартуды қамтамасыз ету және ағынды сулармен Ертіс өзенiнiң бассейнiнiң ластануын азайту.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: "Павлодар
химия зауыты" ААҚ-да демеркуризация жұмыстарын аяқтау; Семей қаласындағы
ағынды суларды биологиялық тазарту құрылғысын салуды аяқтау және
пайдалануға беру.
Ескерту: *) "2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2003 жылғы 12 желтоқсандағы № 1260 қаулысына 2-қосымшаға сәйкес инвестициялық жобалардың тiзбесi, сондай-ақ заңнамамен белгiленген тәртiппен бекітілген жобалау-сметалық құжаттамасына (бекітудiң нөмiрi мен күнiн көрсете отырып) сәйкес iс-шаралар, трансферттердi игеру шеңберiндегі күтiлетін нәтижелердi сипаттайтын сандық және сапалық көрсеткiштер жергiлiктi бюджеттік бағдарламалардың паспорттарында көрсетіледi.